Басты

                                                                             

Қауіпқа Назар аударыныз!!!

Біраз мерзімнен соң жаз маусымы басталады, балаларымыздың жазғы демалысқа шығуларына да бір айдан азғана уақыт қалды. Олардың еркіндікке қолдары жетіп, уақыттарын ата-аналары тарапынан қадағалаусыз өткізетін бос уақыттары көбейеді. Ата-аналардың электр құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді өз балаларына ескертіп олармен таныстыру үшін біраз уақыттарын бөлуі қажет болады. Ол Сізді және Сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан ауыр зардаптарға – балалардың қаза болуына және зардап шегуіне әкеліп соққан бірнеше қайғылы оқиғаларды мысалға келтірейік:

- 2001-2002 жылдары Павлодар облысында электр тогы соғу салдарынан бес бала қайтыс болды. Барлық жағдайлар балалар трансформатор подстанцияларының бөлмесіне кірген немесе электр тасымалдағыштар желісінің тіреуіне шыққан кезде болған;

- 2014 жыл Баянауыл ауылы. 7 жастағы ұл бала достарымен тығылмақ ойнап жүріп, трансформатор дүңгіршегінің (КТП) төбесіне шығып, кернеуі 10 кВ токөткізгіш шинаны қолымен ұстаған. Нәтижесінде, бала денесінің 15%-н күйік шалып, сол қолы ампутацияланды;  

- 2015 жыл, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы. 11 жастағы ұл бала ойнап жүріп, трансформатор қоршауының ішіне кірген. Ток өткізгіш элементтерге жанасқанда, оны ток соқты. Нәтижесінде, баланың екі қолын бірдей ампутациялауға тура келген;

- 2018 жыл. Жаңаауыл а. 12 және 14 жастағы ұл балалар спорт алаңында ойнаған кезде қоршауға шығып электр желісіне тиді. Нәтижесінде балалар қайтыс болды.

Сондықтан, мыналарды істеуге үзілді-кесілді тыйым салынады:

  • Трансформатор және ток бөлетін подстанцияларға өте жақын келуге және жанасуға, ішіне енуге және төбесіне шығуға болмайды;
  • Электр тасымалдағыш кәбілдердің және әуе желілерінің жерде жатқан және үзілген жалаңаш сымдарына жақындауға және ұстауға болмайды;
  • Бойында электр тогы жүріп жатқан жалаңаш сымдарға жанасуға болмайды;
  • Құралдарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын білу үшін саусақпен тексеруге болмайды;
  • Сым оқшаулағыштарға зиян келтірмеу және қысқа тұйықталуды (от шығу) болдырмау үшін оларды есікпен, терезе жақтауларымен қыстыруға, шегелерге бекітуге болмайды;
  • Электр өткізгіштер жылу батареяларына, су құбырларына, телефон және радиотрансляция сымдарына жанаспауын бақылап отыру қажет;
  • Балалардың розеткалардың жанында ойнауларына, оған шпилькалар мен түйреуіштер тығуына, сымдарды ұстауына жол бермеу керек, өйткені бұл ток соғуына әкеліп соғады;
  • Сулы қолмен электр лампочкаларын, тұрмыстық приборларды жағу немесе сөндіру қауіпті. Жанып кеткен лампочкаларды ажыратқышты сөндіріп қойып ауыстыру қажет;
  • Корпустарының бойымен ток жүріп тұрған тұрмыстық электр құралдарды («тістейтін» прибор) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Құралдарды қосқан және ажыратқан кезде штепсель айырын сымнан емес пластмасса колодкасынан ұстау қажет;
  • Су қайнататын, ас пісіретін (электр шәйнектер, кәстрөлдер) приборларды желіге құрғақтай қосуға болмайды. Олардың кем дегенде үштен бір бөлігін сумен толтыру керек. Шәйнекке немесе кәстрөлге су құйғанда, олар міндетті түрде токтан ажыратулы болуы қажет;
  • Сондай-ақ, приборлардан ажыратылған шнурлар да штепсельді розеткадан ажыратулы болуға тиісті, себебі, оған байқамай жанасқан кезде ток соғуы мүмкін;
  • Кез келген тұрмыстық электр құралдарды бір қолмен, мүмкін болса, оң қолмен, және сол кезде су жүретін, газ және жылу құбырларына жанаспай қосу немесе ажырату қажет.
  • Өрт шығуын болдырмау үшін, тұрмыстық электр приборларын арнайы тұғырларға (керамикалық, металл, немесе асбестен жасалған) және жылдам жанатын заттардан (перде портьер, дастархан) қауіпсіз қашық жерге орнату қажет.
  • Желіге қосулы электр құралдарын қараусыз қалдыруға немесе оларды бақылауды балаларға тапсыруға болмайды. Бұл өрт шығуына себеп болуы мүмкін. Осыны балаларыңызға түсіндіріңіз, оларға қарапайым Ережелерді ұқтыру үшін уақытты Бүгін табыңыз, өйткені Ертең кеш болуы мүмкін.

ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.

9 МАМЫР

СЕМБІЛІК 13 СӘУІР

 

АЙБЫН-2019

 

           

 

8 НАУРЫЗ

Білім беру ұйымдарының қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
2018 жылдың 31 желтоқсанындағы   жағдай бойынша
         
 "Качир ауданының  Ивановка жалпы орта білім беру мектебі"ММ
(мекеменің атауы)
         
Кезеңділігі: тоқсан сайын        
         
Орта білім  Өлшем бірлігі 2018 жыл
жылдық жоспар кезеңге арналған жоспар факт
1. Орташа жылдық контингент  адам. 112 112 112
1 балаға орташа шығыс мың. теңге 633,0 633,0 633,0
2. Барлық шығыстар, мың.теңге мың. теңге 70918 70918 70918
оның ішінде:        
3. Еңбекақы қоры мың. теңге 54333 54333 54333
оның ішінде:        
3.1. Әкімшілік қызметкерлер мың. теңге 21253 21253 21253
штаттық саны бірлік 25,74 25,74 25,74
орташа айлық жалақы 1 бірлік теңге 82568 82568 82568
3.2. Негізгі қызметкерлер-қосымша білім беру педагогтары мың. теңге 33080 33080 33080
штаттық саны бірлік 21 21 21
орташа айлық жалақы 1 бірлік теңге 157524 157524 157524
3.3. Өзге педагогикалық персонал
(педагог-психолог, әлеуметтік педагог, аға тәлімгер және т.б)
мың. теңге 1638 1228 1228
штаттық саны бірлік 1,5 1,5 1,5
орташа айлық жалақы 1 бірлік теңге 109200 109200 109200
3.4. Қосалқы және техникалық қызметкерлер тыс. тенге      
штаттық саны единиц      
орташа айлық жалақы 1 бірлік теңге      
2. Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер мың. теңге 3915 3915 3915
3. Коммуналдық шығыстар
(жарық, су, жылу, байланыс, интернет, жалдау және т.б)
мың. теңге 6648 6648 6648
4. Үй-жайларды және жабдықтарды ағымдағы жөндеу мың. теңге      
5. Күрделі шығыстар
(күрделі жөндеу, негізгі құралдарды сатып алу)
мың. теңге      
6. Басқа шығыстар
(әдебиеттерді, кеңсе және шаруашылық тауарларды және басқаларын сатып алу)
мың. теңге 4384 4384 4384
Мектеп басшысы                                Е.Л Нейфельд        

 

Елки

 

 IMG-20190103-WA0004

 

 

 

«А ну-ка парни»

 

Қаңтар айында «А ну-ка парни» атты әскери патриоттық клубтар арасында аудандық жарыс өтті. Жарысқа Ивановка орта жалпы білім беру мектебінің оқушылары «Қайсар» клубы қатысып

 

жалпы камандалық екінші орынға ие болды.

 

Жарысқа қатысушылар:

 

Беков Ельдар

 

Нейфельд Виталий

 

Сысоев Генадий

 

Декгаут Александр

 

Жолдастық кездесу өтті

27 қараша күні Ивановка және Львовка мектептерінің ер балалар командалар арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті (жауаптылары: Әкімжанов Т.М. және Колобок В.М.). Кездесу алдында республикамыздың әнұраны шырқалып, мектеп әкімшілігі келген қонақтар мен қатысушыларды алдағы Алғашқы Президент күнімен құттықтап, сәттілік тіледі. Осы жарыста  біздің мектептің командасы жеңімпаз атанды.